Өңірлер

Аялдамаға дәрет сындырған өскемендік жүргізуші масқара болды – видео

© Photo : ДВД Северо-Казахстанской областиАялдама, архивтегі фото
Аялдама, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өскеменде аялдамаға дәрет сындырған қоғамдық көлік жүргізуші видеоға түсіп қалды

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Өскеменде қоғамдық көлік жүргізуші аялдаманы дәретханаға айналдырды. 

Altaynews.kz өңірлік сайтының хабарлауынша, оқиға бүгін Стрелка ауданында болған. 230 "маршрутканың" жүргізушісі аялдамада дәрет сындырып тұрған жерінде бейнежазбаға түсіп қалыпты.

Далада үлкен дәретке отырған қарағандылық полицейдің басы бәлеге қалды

"Мына ер адам аялдамада дәрет сындырды, – дейді бейнежазба авторы. – 230 маршрутка, көліктің нөмірі 943".

Жүргізуші істеген қылығын мойындамағанымен, бейнежазба авторы видеоның ШҚО ІІД-не жіберілетінін айтады.

Әріптесінің дәретке отырғанын видеоға түсірген полицей жұмыстан қуылды 

Жаңалықтар
0