19:44 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Психиатриялық емхана

Ер адам дәрігерлердің қателігінен 15 жыл ғұмырын жындыханада өткізген

© AFP 2019 / JEAN-PHILIPPE KSIAZEK
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
938 0 0

Зейнеткер психиатриялық диспансерден 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Ер адам 15 жылдық ғұмырын Атырау мен Павлодар қалаларындағы психоневрологиялық диспансерлерде өткізіп, кейінірек Мәскеудегі Сербский атындағы ғылыми-зерттеу институтында дені сау екені анықталған.

Егде жасқа келген Елубайдың айтуынша, 41 жыл бұрын бұрынғы әйелінің арқасында психиатриялық диспансеріне түседі, сол жерде он жыл жатып, инсулин-коматозды терапия алады, деп хабарлайды 31 арна.

Кейінірек медбикелердің бірі және туысының көмегімен ер адам Павлодар қаласындағы психиатриялық диспансерге ауысады. Сол кезде тәуелсіз сарапшылардың тексеруінен өтуді жөн көріп, Мәскеу қаласы ҒЗИ мамандары Елубайдың дені сау деген қорытындыға келген.

Дәрігерлер қателесіп, әйел адамның омырауын алып тастаған

Сөйтіп, Павлодар қаласында облыстық психоневрологиялық диспансерге сарапшылардың қорытындысын көрсетеді.

"Мұнда да сараптама жасалып, сау екенін растаған", — деп түсіндірді науқастың заңды өкілі Айгүл Ырғыбаева.

Оның сөзіне сүйенсек, Павлодардағы комиссия тексеру жүргізіп, ер адамды босатыпты. 

1991 жылы Елубай дәрі-дәрмексіз, психиатриялық көмексіз жаңа өмірге қадам басады. Мұндай істердің ешқашан ескірмейтінін біліп, кінәлілердің жазасын бергісі келген екен. Ер адам соттан дені сау кісіні не себепті жүйке дертіне шалдықты деп көрсеткісі келгендерін анықтауды сұрайды. Зейнеткер Атырау және Павлодар диспансерлерінен 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ.

Нәрестелердің ауысып кеткені 40 жылдан кейін анықталды

Кілт сөздер:
қайырымдылық, сот, зейнеткер, қарт, ер адам, психдиспансер, аурухана, Павлодар, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып