12:19 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Адамның қолы

Қартаң әйел зейнетақы үшін өлген күйеуімен бірге тұрған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
808 0 0

Ер адамның денесі бірнеше ай бойы пәтерде жатып, мумияға айналып кеткен

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Екатеринбург тұрғыны қайтыс болған жұбайын жерлеудің орнына, оның денесін бірнеше ай бойы пәтерінде сақтаған. Ерлі-зайыптылардың көршілері әйел күйеуі үшін зейнетақы алып отырған деп топшылайды.

Ақтөбеде басы жоқ адамның денесі табылды
© Sputnik / Александр Мальгавко

Ер адамның қайтыс болғанына бірнеше ай болған, өйткені пәтерден ұзақ уақыт бойы жағымсыз иіс шығып тұрыпты, деп жазады "ВКонтактедегі" Bad News  тобы ІІД қалалық басқармасына сілтеме жасап. Мумияға айналған мәйіт Куйбышев көшесіндегі үйдің ауласынан табылған. 

Аудан тұрғындары хабарлағандай, егде жастағы әйел күйеуінің денесін халатқа орап, көшеге шығарған. Көршілердің айтуынша, ол мәйітті қоқысқа тастамақ болған, бірақ жеткізе алмапты.

Отбасының таныстары ерлі-зайыптының ішімдікті жиі ішкенін, ал әйел кейде қайыр тілегенін айтты. Қала тұрғыны күйеуінің зейнетақысын алып тұру үшін оның өлгенін хабарламаған, деп санайды көршілері. 

Екатеринбург бойынша ІІМБ РИА Новости порталына ер адамның мумияға айналған мәйіті табылғанын растап, оның өлген уақыты мен себебін сарапшылар анықтайтынын мәлімдеді.


Тақырып бойынша

Кілем жуып жатып суға кетті: әйелдің денесі төрт күннен соң табылған
Бурабайда велосипедшінің денесі табылды
Астана маңындағы каналдан төрт баланың денесі табылды
ШҚО-да жоғалған ветеринарлардың бірінің денесі табылды
Солтүстік Қазақстанда суға кеткен баланың денесі бір аптадан соң табылды
Мәскеуде қаза тапқан студент қыздың мәйіті Астанаға жеткізіледі
Өскемен тұрғыны көшеден шақалақтың мәйіті салынған пакет тауып алды
Шымкентте мектептен жас мұғалімнің мәйіті табылды
Кілт сөздер:
мумия, әйел, мәйіт, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып