Өңірлер

Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөпқабатты үй. Архивтегі фото
Көпқабатты үй. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға қала орталығындағы көпқабатты элиталы тұрғын үйлердің бірінде болған

ШЫМКЕНТ, 6 тамыз — Sputnik. Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға бүгін таңғы сағат жетілер шамасында қала орталығындағы көпқабатты элиталы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Балкон - Sputnik Қазақстан
Әлем
Балконда үлкен дәретке отырмақшы болған жігіт алтыншы қабаттан құлап түсті

Алдын ала болжам бойынша әйел пәтердің балконынан құлап кетуі мүмкін. Мерт болған әйел шамамен 40-45 жаста. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. 

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни, өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу-анықтау амалдары қолға алынғанын хабарлады.  

Жаңалықтар
0