16:45 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
әйелдер

Шымкент әкімі тұрмысы төмен әйелдерді қамқорлығына алмақшы

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
171 0 0

Ғабидолла Әбдірахымовтың қабылдауына балалы әйелдер жиі келіп, мұңын шағатын болып шықты

ШЫМКЕНТ, 6 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік жағдайы төмен әрі тұрақты табысы жоқ әйелдер енді бизнеспен айналысуға мүмкіндік алмақ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Шымкентте әлеуметтік жағдайы төмен аналар әкімдік тарапынан қолдауға ие болып, тіпті білімін де жетілдіре алады. Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов  жауапты мамандарға тағдырдың сынына іліккен әйелдер үшін шағын бизнесті дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, бір ай уақыт мерзім берді. Аталған бағдарлама аясында тұрмысы төмен әйелдер өзінің икеміне қарай шаштараз, аспаз, тігін саласы бойынша оқу курстарынан тегін өтеді. Мұнан соң алған біліміне қарай шағын бизнесті дөңгелету жолы қарастырылмақ. Нәтижесінде үйде отырған әйелдер тұрақты жұмыспен қамтылады. 

"Көбіне қабылдауыма келген әйелдер күйеулерінің жұмыс істемейтінін, отбасын асырауға бей-жай қарайтынын немесе отбасын мүлдем тастап кеткенін ашына айтады. Олар жарқын өмірден үмітсіз емес. Бірақ күнделікті тапқан табысы балаларын қатарынан кем қылмай бағып-тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Әйелдер қауымы отбасының бақытты ғұмыры үшін еселі еңбек етуге әзір. Сол себептен де біз оларға лайықты жәрдем көрсетуіміз қажет. Біздің міндетіміз – олардың өз ісін жүргізіп, аяғына нық тұрып кетуіне ықпал ету", – дейді Шымкент әкімі.

Бүгінгі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша Шымкентте тұрақты жұмысы жоқ 10 мыңға жуық әйел тіркелген.

Бала кезінде екі адамнан зорлық көрген Абай тұрғыны сұмдық жағдайдың бетін ашты

Тақырып бойынша

Шымкентте зорланған баланың әкесі қайтыс болды
Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкейді полиция ұстады
Шымкентте бір балаға зар болып жүрген әйелдер емшіге алданып қалды
Шымкентте алапат өрт 45 көлікті жойып жіберді
Шымкентте педофилдің видеосын таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін
Шымкентте ер адам кішкентай балаға шабуыл жасады
Кілт сөздер:
тұрмысы төмен отбасы, әйелдер, әкім, Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып