11:34 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Бауырын ауыстырған Толқын Айдарова сәбилі болды

Бауырын ауыстырған әйел дені сау сәбиді өмірге әкелді

© Foto : Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
185 0 0

Жас босанған әйел үш жыл бұрын күрделі операцияны бастан кешкен

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Үш жыл бұрын бауырын ауыстырған қазақстандық әйел ана атанды.

тұрғыны Толқын Айдарова қыз баланы өмірге әкеліп, ана бақытына кенелді. 2015 жылы А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығында әйел адамға ота жасап, бауырын алмастырған екен.

Толқынды босандыруға Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы таңдалыпты.

"Мұндай оқиға орталықтың ауруханасында екінші рет болып отыр. Әйел адам табиғи жолмен салмағы 3250 грамм, бойы 52 сантиметр қыз баланы дүниеге әкелді. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы", — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Толқын Айдарова дәрігерлермен бірге
© Foto : ҚР Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
Толқын Айдарова дәрігерлермен бірге

Жүктілік кезінде мекенжайы бойынша акушер-гинекологқа, хирургке қаралып, терапевт пен гепатолог мамандардың ақыл-кеңесіне жүгініп отырған.

"Ағза мүшелерін ауыстырғаннан кейін бала көтеру тәжірибемізде бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Соңғы кездері ағза мүшесін ауыстырғаннан кейін де ана бақытына кенеліп жатқан әйелдер қатары көбейіп келеді. Ал біздің орталықта бауырын ауыстыру операциясын басынан өткерген соң, әйел адамның дені сау сәбиді өмірге әкелуі екінші рет қайталанып отыр", — деп хабарлады емхананың екінші акушерлік бөлімінің басшысы Батыр Өскінбаев. 

Оның айтуынша, бауыр ауыстыру ең күрделі операциялардың бірі болып табылады, оның өзі дені сау сәби сүюге кедергі жасай алмаған.

Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, операциядан соң ешқандай асқыну болмаса, әйел адам дұрыс күтініп, алдын-ала дайындалса, жүктілік кезеңі бір қалыпты өтеді.

Бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіт отау құрды

Германия тұрғыны бүйрегін арзан ауыстыру үшін Шымкентке келді

Тақырып бойынша

Басында екі беті бар бала дүниеге келді
Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді
Қостанайда үшем дүниеге келді
Астанада 1 шілдеде дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйға тартылды
Кілт сөздер:
медицина, дәрігерлер, хирургтер, жас босанған әйел, ана мен бала, қыз бала, сәби, бауырын алмастыру, босану, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып