11:21 17 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.86
  • EUR424.49
  • RUB5.60
Лада, архивтегі фото

Семей тұрғыны "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алғанына" өкініп қалды

Игорь Руссак
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3166 0 0

Ол сыйлықты алу үшін алаяқтардың "қайырымдылық қорына" қомақты ақша аударып жіберген

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Семей қаласында "Лада-Гранта" көлігін "ұтып алған" азамат алданып қалды.

Таяуда 1985 жылы туған Бөгембайұлы көшесінің тұрғынына "Самсунг" ұялы телефоны мен "Лада-Гранта" автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек болған. Қуанышты хабарға есі кете сенген азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберіп, алаяқтарға алданып қалған.

Altaynews.kz сайты хабарлағандай, полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.

Жыл басынан бері Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 400 арыз келіп түскен. Шағым түсіргендердің 57-ісі телефон алаяқтарының құрбаны болған.


Тақырып бойынша

"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті
Алматыда заңгер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Алматы тұрғынына бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдік тағылды
Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты
Шымкентте алты адамды тақырға отырғызған алаяқ Астанада ұсталды
Жұртты мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ әйел ұсталды
Алаяқ павлодарлық тұрғынның "ұтып" алған сыйлығына ақы сұраған
Солтүстік Қазақстанда дуаны "шешкен" алаяқ әйел ұсталды
Кілт сөздер:
Лада-Гранта, ұтыс, алаяқтық, Семей
Загрузка...

Басты тақырыптар