22:51 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Найзағай

Күздің ауылы алыс емес: алты облыста дабылды ескерту жарияланды

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1316 0 0

Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Ақтөбе облыстарында күн суытады

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Қазақстанның алты облысында синоптиктер бұршақ жауады, күн күркірейді және қатты жел соғады деп болжайды, деп хабарлады "Қазгидромет".

АҚШ-тағы күн тұтылу
© AFP 2018 / Rob Kerr

11 тамызда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады – 15-20 м/с. 11 тамызда күндіз Ақтобе қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

12 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 11 тамызда күндіз және 12 тамызда тәулік бойы жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. 12 тамызда дауыл соғып, тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні – 15-20 м/с. Тараз қаласында оқтын-оқтын найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 12 тамызда дауыл болады. 

Тамыз айында қай күндері аспаннан жұлдыз жауады?

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Кей жерлерде найзағай, болады. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Петропавл қаласында 11 тамызда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

11 тамызда кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғады, тәулік бойы кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 25 м/с жел ұйытқуы мүмкін.

11  тамызда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, ұйытқуы – 25 м/с күтіледі.

12-13 тамыз күндері ШҚО-да және 12 тамыз күні  Алматы, Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты кей жерлерде су деңгейі қарқынды көтерілуі мүмкін.

Кілт сөздер:
қатты жел, бұршақ, найзағай, дабылды ескерту, ауа райы, өңірлер, Қазгидромет, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар