23:24 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Нәресте, архивтегі фото

27 жастағы әйел әжетханада босанып, баласын шелекке тастап кеткен

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
158511

Жас келіншек жүктілігін жасырып, жаңа туған баласын әжетханаға тастап кетті

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Қостанай облысының Затобол елді мекеніндегі ауруханада науқастарды қабылдау бөлімінің пациенті әжетханаға кетіп, сол жерде босанып қалған. Жүктілігін жасырып жүрген әйел нәрестені шелекке тастай салыпты. 

alau.kz порталы хабарлағандай, ішім ауырды деген 27 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан анализ тапсыруды өтініп, әжетханаға жіберген. Біраз уақыттан кейін ол әжетханадан шыққан, алайда дәрігерлер әйелдің іс-әрекетінен күдіктеніп қалады. Нәтижесінде әжетхана шелегінен жаңа туған нәрестені тауып алған.    

"Әйел әжетханаға кетіп, сонда босанған. Нәрестені шелекке тастай салған. Дәрігерлердің қырағылығының арқасында баланың өмірі құтқарылды. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді ", — деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев. 

Оның айтуынша, әйел мен бала Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Жаңа туған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Тақырып бойынша

Қостанайда баласын тастап кеткен әйел Астанада ұсталды
Қостанай полицейлері шақалақты құдыққа тастап жіберген әйелді ұстады
Оралда құндақтағы сәбиін далаға тастап кеткен әйел ана құқығынан айырылды
Оралда сәбиін құрылыс басына тастап кеткен әйел жазаланды
Астана маңындағы каналдан төрт баланың денесі табылды
Шымкентте көшеден жаңа туған сәбидің денесі табылды
Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды – видео
Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
Кілт сөздер:
әжетхана, тастанды, нәресте, аурухана, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар