11:44 17 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.86
  • EUR424.49
  • RUB5.60
Бала, иллюстративті фото

Оралда 9 жасар бала бір аптада үш рет жол апатына түсті

CC0 / Devanath
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
234 0 0

Полицейлер жас көлік ұрысының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Оралдық тоғыз жасар бала бір аптада үш көлікті айдап әкетіп, үш рет жол апатына түсті.

"Мой город" порталының мәліметінше, өткен жексенбіде бала Hyundai автокөлігін айдап әкетіп, жөнделіп жатқан жолға қойылған бетон блокқа соқтығысқан. 

"Қазір біз автокөліктің қожайыны кім екенін анықтап жатырмыз. Эвакуатор шақырдық. Апат орнына ювеналді полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне алып барады", — деп хабарлады тергеуші.

Бұған дейін баланы полицейлер автокөлік айдап әкеткені үшін екі рет ұстаған. Алғаш рет ол бөтен адамның Suzuki көлігін мініп кетіп, жеңіл көлікті соғып кеткен. Ол кезде әкесі оқиғадан аз ғана бұрын көбейту кестесін жаттап отырған баласының үйден қалай шығып кеткеніне таңғалған болатын. Екінші оқиға үш күннен кейін болды, 9 тамыз күні кешкі уақытта балақай Toyota микроавтобусын айдап әкетті. Жас көлік ұрысы рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тіреуіне соғылған соң ұсталған.


Тақырып бойынша

Оралда 9 жасар бала көлік айдап әкетіп, апатқа ұшыраған
Үштөбе тұрғыны сүйіктісімен кездесу үшін көршісінің көлігін айдап әкеткен
Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті, зардап шеккендер бар
Алматыда жол апатына түскен көліктен 7 жасар бала ұшып кетті
Кілт сөздер:
айдап әкету, бала, автокөлік, Орал
Загрузка...

Басты тақырыптар