22:33 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Даниал Ахметов

Даниал Ахметов Өскемен әкімінен өз еркімен жұмыстан кетуді талап етті

© Foto : предоставлено пресс-службой акима ВКО
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
290 0 0

Жас жігіт қаза болған Риддердегі жол апатынан кейін Өскемен әкімі Қуат Тұмабаевтың да басы дауға қалған болатын

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Өскеменге жуықта жаңа басшы тағайындалады. Бұл жөнінде кеңейтілген әкімдік мәжілісінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өзі айтты, деп хабарлады Алтайньюс.

"Сіздердің алдарыңызда ашық айтқым келген тағы бір жайт, ол биылғы сәуірде Риддер қаласында шенеуніктердің жол-көлік оқиғасына ұшырауына қатысты мәселе. Бұл оқиға осы уақытқа дейін қоғамда жиі талқыланып, БАҚ-та жеткілікті жазылды. Оқиғаға кінәлі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев тиісті жазасын алып, сотталды. Сонымен қатар, Риддер қалалық ішкі істер басқармасының бірқатар басшылық қызметтегі және қатардағы полицейлері де қызметтерімен қош айтысты. Оқиғаға қатысы бар шенеуніктердің ісі Әдеп кеңесінде қаралды. Сондықтан осының бәрін таразылай келе, мен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа осындай жағдайдан кейін жоғары басшылық қызметте қала алмайтынын, оған моральдық құқығы жоқтығын, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуы керек екенін айттым. Сондықтан, алдағы уақытта облыс орталығы – Өскемен қаласында жаңа әкім тағайындалады", – деді Даниал Ахметов.

2018 жылғы "Әлем миссисі" жол апатынан көз жұмды  

Естеріңізге сала кетейік, Риддерде 19 жасар Евгений Смольниковты көлікпен қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманғалиевтің қасында Қуат Тұмабаев отырғаны анықталған болатын. Ол куәгер болса да, халық алдында оқиғадан кейін абыройы төмендеп, оған қатысты сын айтушылар көбейіп кетті.


Тақырып бойынша

Риддердегі атышулы жол апаты: Өскемен әкімі оқиға орнынан неге кетіп қалғанын түсіндірді
Риддердегі атышулы жол апаты: бетперде киген үш адам марқұмның әкесін сабап кетті
Риддердегі атышулы жол апаты: марқұмның әкесі әкім орынбасарына кешірім берді
Риддердегі жол апаты: Өскемен әкімі уақытша қызметінен кетуге мәжбүр болды
Риддердегі жол апаты: қаза тапқан жігіттің әкесі Назарбаевтан көмек сұрады
Кілт сөздер:
отставка, жол апаты, Қуат Тұмабаев, Даниал Ахметов, Риддер, Өскемен

Басты тақырыптар