03:39 21 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.16
  • EUR406.18
  • RUB5.90
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
654 0 0

Этика жөніндегі кеңес Ақтөбе облысы фармация басқармасы басшысының орынбасарын жұмыстан шығаруға кеңес берді

АҚТӨБЕ, 16 тамыз — Sputnik. Ақтөбе облысы фармация басқармасы басшысының орынбасары Ақтау қаласында тұратын бүйрегін ауыстырған науқасқа аса қажет дәрі-дәрмекті тауып беріпті. Алғыс айтудың орнына шенеунікке қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды, деп хабарлайды тілшісі.

Облыстық фармация департаменті басшысының орынбасары Қанағат Ахметовтің ісін этика жөніндегі облыстық кеңес ұзақ қарастырды. Бір жағынан шенеуніктің айыбы жоқ болатын. Ол дәрішіден "Майфортик" препаратын сұрапты. Бұл дәріні бүйрегін ауыстырған науқастарға тағайындайды және олардың өмірі үшін ауадай қажет болып табылады. Таблетканы органды ауыстырған кезде ағзаның қабылдамауының алдын алу үшін ішу керек. Дәріші шенеуніктің өтінішін жерге тастамай, сұраған дәрісін береді. Бірақ оны басқа науқастың атына жазған екен.

Бауырын ауыстырған әйел аман-есен босанды

Ахметовтың өзі айтқандай, адамгершілік жасағысы келіп, адамның өміріне араша түспек болған. Жемқорлыққа қарсы қызмет бұл әрекетті қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деп бағалады, өйткені саны шектеулі препарат науқастарға жетпей қалуы мүмкін еді. Ақтау тұрғынының өмірін сақтап қалған Қанағат Ахметов ақтөбеліктің өмірін қауіпке тікті, деп пайымдайды жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған операция жасады

Этика бойынша кеңес мүшелерінің пікірінше, жақсы ниет өкілеттікті асыра пайдалануға негіз бола алмайды, сол себепті шенеунікті жұмыстан шығаруға кеңес берілді.

Қазақстанда мыңнан астам шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

Тақырып бойынша

Жақыпова зейнетақыдан бас тартқан қазақстандық шенеунік туралы айтты
"Еңбегі сіңген шенеунік" атағын енгізу ұсынылды
"Қыз әдемі емес" Зорланған әйел туралы осылай деген шенеунік жұрттың ашуына тиді
Жамбылдық жеті шенеунік бизнеске кедергі келтіргені үшін жазаланды
Энергетика вице-министрі мен бірқатар шенеунік парамен ұсталды
Кілт сөздер:
бүйрегін ауыстыру, шенеунік, дәрі-дәрмек, науқас, жұмыстан шығару, Ақтөбе облысы, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырып