16:45 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
354 0 0

Алматы облысы әкімінің орынбасары Өскеменге әкім болып барды

АЛМАТЫ, 20 тамыз — Sputnik. Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Алтайньюс.  

"Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов қала активіне Омар Жақсылық Мұқашұлын таныстырды", — деп жазылған ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

 2010  жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болды. 

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды. 

2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаевтан өз еркімен жұмыстан кетуді сұрағанын жазған едік. Өңір басшысы Риддер қаласында шенеуніктердің жол-көлік оқиғасына ұшырауына байланысты осындай шешім қабылдаған.

"Оқиғаға қатысы бар шенеуніктердің ісі Әдеп кеңесінде қаралды. Сондықтан осының бәрін таразылай келе, мен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа осындай жағдайдан кейін жоғары басшылық қызметте қала алмайтынын, оған моральдық құқығы жоқтығын, өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуы керек екенін айттым. Сондықтан, алдағы уақытта облыс орталығы – Өскемен қаласында жаңа әкім тағайындалады", – деген еді Даниал Ахметов.

Риддерде 19 жасар Евгений Смольниковты көлікпен қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманғалиевтің қасында Қуат Тұмабаев отырғаны анықталған болатын. Ол куәгер болса да, халық алдында оқиғадан кейін абыройы төмендеп, оған қатысты сын айтушылар көбейіп кетті.

Тақырып бойынша

Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
Риддердегі атышулы жол апаты: марқұмның әкесі әкім орынбасарына кешірім берді
Ақмола облысында мас күйінде көзге түскен әкім жазаланды
Екібастұз әкімі Түймебаевтың бірінші орынбасары болды
Түркістан облысында ауыл әкімі тапа тал түсте "жоғалып" кетті
Кілт сөздер:
кадрлық тағайындаулар, қызметінен кетті, әкім, Жақсылық Омар, Өскемен, ШҚО
Загрузка...

Басты тақырып