Өңірлер

Мүгедек ана масқара болған ұлы үйде де шешінуге қорқатынын айтты

© Photo : pixabay/rebcenter-moscowӘйел жылап отыр, иллюстративті фото
Әйел жылап отыр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының тұрғыны ұлымның ішкиімін шешкізді деп тәрбиешілерге кінә тақты

АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Алматы облысындағы Шелек ауылының тұрғыны Сәния Рахматуллина жергілікті балабақша тәрбиешілерін 4 жасар ұлыма зәбір көрсетті деп айыптауда. 

Балалар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада тәрбиеші баланың ата-анасы ақша бопсалап жүргенін айтты

Мүгедек келіншектің айтуынша, олар ұлының іш киімін шешкізіп, өзге балалар алдында масқара еткен, деп хабарлады КТК.

"Ол ұлымның ішкиімін топтағы балалардың көзінше шешкен. Ұлым шыдамай кетіп қалайын десе, айғайлаған. Енді 4 жастағы ұлым тіпті үйде де шешінуге қорқады. Балабақшаға бармаймын деп азар да безер болады", — дейді Шелек ауылының тұрғыны Сәния Рахматуллина.

Ал мұны теріске шығарған балабақша басшылығы, керісінше, келіншектің өзі бізге күн бермейді деп, оны сотқа бергелі жатыр. Үш жылдан бері сол Сәниядан мезі болдық дейді. Айтуларынша, ол балалардың алдында ән шырқаймын деп тәрбиешілерді ығыр етіпті. Онысынан түк шықпаған соң, ғимарат қабырғасына сурет салуға құлшынған. Күн сайын келіп,  тәрбиешілермен қырылатын Сәния Рахматтулинаның үстінен ұжымдағылар арыз жазапты. 

"Мен аудандық білім бөліміне хат жібердім.  Ол ата-ана ойына келгенді істеп жатыр. Ертең ол баласына қастық жасап, бізге жала жабады деген оймен солай істедім", — дейді балабақша меңгерушісі Кәмшат Қарақұлова.

 

 

Жаңалықтар
0