23:55 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3419 0 0

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында жаппай төбелеске қатысқандардың бірі оққа ұшты. 

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Lada.kz порталына хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 тамыз күні болған.

"Жаппай төбелес кезінде атыс қаруымен адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99, 293 және 287-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 11 адам тұтқындалды", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыда қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әлдекімдермен төбелесіп қалып, ажал құша жаздаған еді. Желіде тарап кеткен видеода жігіттердің бірі тапанша алып шығып, боксшыны атқаны анық көрінеді. Абырой болғанда, Жанқошқа оқ тимеген.  Қалалық ішкі істер департаменті төбелес барысында ешкім зардап шекпегенін хабарлады.


Тақырып бойынша

Қолын бұрап алып кетті: полиция төбелес шығарған қыздарды ажыратты
Қапшағайдағы төбелес кезінде абайсызда кісі өлтірген жігіт бостандыққа шықты
Ақтауда жол ортасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте билік өкілдерімен кездесуге келген жұрт төбелес шығарды
Мектептегі төбелес: қанды қырғын болған жерден видео жарияланды
Мектептегі төбелес: 12 адам пышақ жарақатын алды
ОҚО-да мас күйінде төбелес шығарған полицей қамауға алынды
Кілт сөздер:
қанды оқиға, атыс, қылмыстық іс, қару, төбелес, Маңғыстау облысы
Загрузка...

Басты тақырып