12:09 21 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD364.95
  • EUR416.99
  • RUB5.55
үсік

Ауа райы болжамы: бес облыста күн бұзылады

© Public Domain Tante Tati
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
47900

Бірнеше облыста үсік жүреді, жаңбыр жауып, қатты жел соғады

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Бес облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Ертең түнде Алматы облысының солтүстігінде үсік жүреді, ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.

Ал Талдыкорган қаласында күн 1-3 градусқа дейін суытады.

Қостанай облысында соққан желдің күші 15-20 м/с болады, таңертең және күндіз кей жерде найзағай ойнайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Түркістан облысының кей жерінде шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, кей жерде екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.

Тақырып бойынша

Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, жел, жаңбыр, үсік, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырыптар