Өңірлер

Министр Батыс Қазақстанда полицейдің өз бастығын неге атып өлтіргенін айтты

© AP Photo / Fernando VergaraОқ ату
Оқ ату - Sputnik Қазақстан
Жазылу
6 қыркүйекте БҚО-да полиция сержанты командирін атып өлтірген болатын

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов БҚО-да өз бастығын атып өлтірген полицейге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

қару - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді

"Осындай оқиға болғаны рас. Бұл күзет қызметін жүргізетін әскери бөлімше. Олар БҚО-да әкімдікті, соттар мен медициналық қоймаларды күзетеді. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр", — деді министр ОКҚ-де өткен брифингте. 

Қасымов қылмыс жасаған қызметкердің екі жылдан астам қызмет еткенін атап өтті. 

"Оның айтуы бойынша, оған ескерту жасалған, ол өзін кемсітті деп санап, қылмыс жасауға бел буған. Қаруын алғанннан кейін, командиріне бірнеше рет оқ атқан. Қазір тергеу жүргізіп жатырмыз, міндетті түрде сот-психиатриялық сараптама белгілейміз, барлық кінәліні жауапқа тартамыз", — деп уәде берді ол. 

Еске сала кетсек, 6 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық АІІБ ғимаратында қайғылы оқиға болды. Ішкі күзет батальонының инспекторы табельдік қарудан командиріне оқ атқан. Салдарынан командир оқиға орнында қаза тапты. Сержант өз бастығына 7 рет оқ атқан.

Қасымов Дени Теннің қазасынан кейін үш күнде не ітегенін айтты

Жаңалықтар
0