21:00 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Шақалақ

Рудный әкімінің орынбасары әйелін өзі босандырып алды

CC0 / PublicDomainPictures
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
181 0 0

Әйел 17 қыркүйек күні перзентханаға барар жолда көлікте аман-есен босанды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында Рудный қаласы әкімінің орынбасары Денис Петрухно әйелін өзі босандырып алуға мәжбүр болды, деп жазды "Костанайские новости". 

Ерлі-зайыпты Петрухно баласының ауруханада дүниеге келгенін қалаған, сондықтан перинаталды орталыққа уақытылы барған. Алайда онда оларды әйелдің толғағы келмеген деп қабылдамаған. Шенеунік әйелімен бірге үйге қайтуға мәжбүр болады, осы кезде толғақ басталған.   

Олар ауруханаға үлгермей қалған – әйелді автокөлікте күйеуі босандырып алды. Ерлі-зайыпты перзентханаға жаңа туған қызымен бірге келді.

Денис Петрухно қалай қобалжығанын әзірге журналистерге айтып бергісі келмей отыр.

"Әйелім жарады! Егер мен осылай болатынын білсем, кітап оқып, курстарға барушы едім. Мүмкін қалай болғанын содан кейін айтып берер ме едім", — деді шенеунік.  

Тақырып бойынша

"Жедел жәрдеммен" жол апатына түскен әйел аман-есен босанды
Ақмола облысында толғағы келген бірнеше әйел қар құрсауында қалған
Астанада жас босанған үш әйелдің өлімі: перзентхана қайта жұмысқа кірісті
Нәрестесі шетінеп кеткен анаға перзентхана қомақты қаражат төлейтін болды
Кілт сөздер:
толғақ, жүктілік, Рудный, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырып