13:53 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Нұрәлі Қиясов

Сот Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға қатысты қаулы шығарды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
3180 0 0

Атышулы іс бойынша барлық үш күдікті үшін де қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды

АЛМАТЫ, 19 қыркүйек — Sputnik. Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қаласы сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов айтты.  

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 11 және 12 қыркүйекте қамауда ұстау мерзімін 23 қазанға, яғни үш айға дейін ұзартуға қаулы шығарды", — деді ол. 

Ұсталған Нұрәлі Қиясов 20 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Сол күні сот сырттай Арман Құдайбергеновті қамауға алуға санкция берді. Іс бойынша үшінші күдікті Жанар Толыбаева 23 шілдеде ұсталды. Аудандық сот оны 25 шілдеде қамауға алуға санкция берді. Бастапқыда олар екі айға қамалды.

 Екі күдікті ұрлық, қарақшылық жасады және кісі өлтірді деп айыпталып жатыр. Әйел қылмысты хабарламағаны үшін сотталуы мүмкін.  

19 шілде күні танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс Алматы қаласының орталығында жасалды: спортшы автокөлігінің бүйір айнасын шешіп алып жатқан ұрыларды көріп қалған. Ол екі жігіттің соңынан қуып, ұстап алмақ болған, алайда ұрылар оның аяғынан пышақтап кеткен. Әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушының қазасы үлкен қоғамдық резонанс туғызды. 

 

 



Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалімнің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Қасымов: Денис Теннің отбасына барып, көңіл айттым
Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Чемпион болған қазақстандық боксшы жеңісін Денис Тенге арнады
Денис Теннің анасы қазақстандықтарға өтініш білдірді
Кілт сөздер:
қанды оқиға, қамауға алынды, кісі өлтіру, Денис Тен, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып