17:41 16 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.59
  • EUR429.06
  • RUB6.05
Ер адам пышақ ұстап тұр

Ақтөбе соты дәрігерді аяусыз пышақтаған жігітті ақыл-есі кем деп танып, босатып жіберді

© Sputnik / Murad Orujov
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
292 0 0

Сот дәрігерді пышақтаған азаматтың ақыл-есі дұрыс емес деп таныды

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе соты дәрігердің кабинетіне кіріп шабуыл жасаған жігітті ақыл-есі дұрыс емес деп танып, тұрғылықты мекенжайы бойынша емделуге жіберді.

Жайсыз жағдай биылғы жылдың маусым айында болды. Қолында пышағы бар жас жігіт дәрігердің кабинетіне кіріп келіп, медициналық қызметкерді бірнеше жерінен аяусыз пышақтаған, деп жазды Диапазон басылымы.

Десе де аталған басылым жас жігітті кімнің қалай ұстап тұрғаны туралы мәлімет келтірмейді. Сол күні полицияға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған екен. Қылмыстық іс "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша жүргізілді. Күдіктіні полиция ұстағанға дейін ол көпқабатты үйден секіріп, жарақат алған.

Ақтөбе облысы ауданаралық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде жас жігіт ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Мұның орнына оған емханадағы психиатрда емделу міндеттелді.

 

 

Тақырып бойынша

Қостанайда көз жұмған оқушы қызды әкесі пышақтаған болуы мүмкін
13 жастағы қызын пышақтаған ананың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Таразда әріптестерін пышақтаған полицей 15 жылға сотталды
Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады
Психикалық науқас пышақтаған учаскелік инспектор 4 литр қан жоғалтты
Жезқазғанда өзін пышақтаған ер адам сотқа келді
Балабақшадағы сұмдық: тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады
Кілт сөздер:
жас жігіт, пышақ, дәрігер, қылмыс, сот, Ақтөбе облысы, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып