АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Семейде кішкене баланы зорлады деген күдікпен жас жігіт ұсталды.
КТК арнасының мәліметінше, 26 жастағы ер адам күндіз бес жасар баланы гараждың арт жағына алып барған. Полиция оның балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын хабарлады.
Жағдай қаланың орталығында болған. Белгісіз ер адамның өзімен бірге баланы ертіп бара жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіге лезде тарап кетті. Араға екі күн салып азамат бақылау камераларының көмегімен ұсталды.
Бұрын-соңды істі болмаған 26 жастағы Семей тұрғыны өзінің кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дәрігер ес-түссіз жатқан науқасты зорлап тастады
Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге баланың жағдайы қандай екені белгісіз.