10:52 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Адамның қолы

Оралда жоғалған бойжеткен өлі күйінде табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
484 0 0

Полицейлер қызды өлтірген болуы мүмкін деген күдіктіні қамауға алды. Ол 17 қыркүйек күні жоғалған болатын

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Туысқандары мен полицейлер бір апта бойы іздеген бойжеткен Оралдан өлі күйінде табылды. 23 жастағы бойжеткен денесінің қайда екені күдікті қолға түскеннен кейін анықталды, деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.

Полицейлер 1986 жылғы күдікті ер адамды қолға түсірді. Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бойжеткеннің денесі табылғанын растап, ҚК "Кісі өлімі" бабы бойынша қылмыстық істің басталғанын хабарлады.

Бойжеткен 17 қыркүйек күні жоғалды. Полиция мәліметінше, оны соңғы рет автобус аялдамасынан көрген. Сол күні Ақсайға алып баратын такси күтіп тұрған. Бұл қала Оралдан 150 километр қашықтықта орналасқан. Полицейлермен бірге әлеуметтік желі арқылы бойжеткенді туыстары да іздеген болатын.

17 тамыз күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов жоғалғаны туралы хабар тараған-ды. Күдікті қолға түскеннен кейін профессордың денесі Алматы облысынан табылды. Ер адам марқұм жерленген жерді көрсетті.

 

 

Тақырып бойынша

Қостанай облысында жоғалған оқушының ажалы моншадан болды
"Мама" деп жүгіріп шығатын". Алматыда жоғалған баланың анасы ішқұса болып отыр
Әкесі өлі туған сәбиін ескі зиратқа жасырын жерлеген
Шымкенттегі зауытта 40 жастағы ер адамның өлі денесі екі айдай жатқан
Кеме аударылып, құтқарушылар судан 200-ден астам мәйіт алып шықты
Бойжеткен күйеу жігітінің мәйітіне тұрмысқа шықты
Қостанайда өзеннен жоғалған ер адамның денесі табылды
Кілт сөздер:
өлі күйінде, кісі өлімі, күдікті, бойжеткен, полиция, Орал
Загрузка...

Басты тақырып