12:56 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Медбике шприцке дәрі толтырып жатыр

Шымкентте полицей жұмбақ жағдайда өлді: емханада ем қабылдап жатқан

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Шымкент жаңалықтары (57)
473 0 0

Туысқандарының айтуынша, дәрігерлер емделіп жүрген ер адамға уколды алдын ала сынама жасамай салған

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Ішкі істер департаментінің бедеуліктен емделіп жүрген қызметкері Шымкенттегі емханада көз жұмды.

"Отырар" басылымының хабарлауынша, қайғылы жағдай қаладағы жекеменшік медициналық орталықтардың бірінде болған.

Туыстарының айтуынша, ер адам ем қабылдау кезінде кушеткада жатып көз жұмған. Марқұмның отбасы ер адамға дәрігерлер алдын ала сынама жасамай укол салғанына сенімді. Ал медбике өз кезегінде ешқандай инъекция болмағанын айтқан. Алайда туыстары ер адамның денесінен укол ізін тапқан.

"Әйел гинекологқа кеткен, ал оған алты укол салған. Осы кезде ол өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтады. Дәрігер оны кушеткаға жатқызып, тамызғышпен дәрі құяды. Ол осы сәтте көз жұмды", — деді отбасы мүшесі.

Шымкент ішкі істер департаменті марқұмның өздерінде жұмыс істегенін хабарлады. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат 25 қыркүйек күні келіп түскен.

Болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)

Тақырып бойынша

Көлік жылқыға соғылды: бір бала өлді, тағы жетеуі зардап шекті
Жүк көлігі бір отар қойды басып кетті: 100-ге жуығы өлді
Сәби ауладағы су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді
Шұңқырға құлаған 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған ер адам тұншығып өлді
Бір жарым жасар сәби кір жуғыш машинадағы суға батып өлді
Түрмеде өлді деп саналған тұтқын мәйітханада көзін ашты
Ақмола облысында ер адам тамаққа қақалып өлді
Кілт сөздер:
емхана, бедеулік, көз жұмды, полицей, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып