14:36 21 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.90
  • EUR422.74
  • RUB5.87
Полицей

Ауылда 13 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін полицейлер жазаланды

© Sputnik / Ксения Воронина
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4015 0 0

Резонанс тудырған жағдайдан кейін ауыл учаскелік полициясы қызметінен босатылып, жетекшілері жазаланды

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қызылорда облысы ІІД басшысы Қайрат Мұхитов ауыл тұрғындары арасында резонанс тудырған жағдайдың көп өзгерістер енгізуге себепші болғанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, шілде айының ортасында Қызылорда облысы Шалқия ауылы Жаңақорған ауданында 13 жастағы қызды зорлап, артынша өлтіріп кеткен еді. Күдікті ретінде марқұмның ауылдасы ұсталды.

31 жастағы ер адам бірден қолға түсті. Жуырда оның кінәсін мойындап, қамауға алынғаны белгілі болды.

Ер адам Шалқияда тұрып жатқан анасының үйіне келіп, ауылдағы мектеп оқушысын зорлаған. Кейін оқушыны басын қош-блокпен ұрып өлтірген. Жасөспірім анасымен бірге ескі бес қабатты үйде тұрған. Қайғылы жағдай болған уақытта анасы жұмыста жүрген. Қылмыскер жасөспірімді осы үйдің бос тұрған қабатына апарып зорлаған.

Күдікті ұсталғаннан кейін жергілікті тұрғындар оның отбасынан Шалқия ауылынан көшіп кетуді талап еткен. Бұдан кейін полицейлер ауылда тексеріс жүргізіп, 689 үйде қанша адамның тұрып жатқанын анықтайды. Халыққа қылмыс пен қауіпсіздік туралы профилактикалық шаралар өткізген.

Рейд кезінде ауылда Ресей, Армения және Өзбекстаннан келген тоғыз мигрант тұрып жатқаны анықталады.

"Шалқияда болған жағдайдан кейін қорытынды шығарылды. Қызметтік тексеріс жүргізілді. Ауыл учаскелік полицейі осыдан кейін қызметінен босатылды. Ал жетекшілері жазаланды", — деді Қайрат Мұхитов.

Сондай-ақ, ол түсіндіру жұмыстарының қарқынды түрде қолға алынғанын жеткізді.

Тақырып бойынша

Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Кектенген қаныпезер ауыл тұрғынын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті
Баланы зорлап, өлтірген үш педофилді жұрттың көз алдында жазаға тартты
Такси жүргізушісі жолаушы әйелді зорлап, кейін үйіне жеткізіп салған
Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткен сұмдықты айтып берді
Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады
Ақтөбеде екі жігіт жасөспірімді зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген
Кілт сөздер:
ауыл, қызды зорлау, полицейлер, қылмыскер, адам өлтіру, Қызылорда облысы
Загрузка...

Басты тақырып