10:38 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Іс папкасы, архивтегі  фото

Зырян қаласы мен ауданының атауы өзгертілді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Аудандық мәслихат депутаттары қала мен ауданды Алтай деп атауды бір ауыздан қолдады

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Шығыс Қазақстанның Зырян ауданы мен қаласын Алтай деп атау ұсынысын аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйым мүшелері бірауыздан қолдады. 

Қалалық мәдениет үйінде әуелі Зырян ауданын Алтай деп атау мәселесі қаралды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа атауды бір ауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ал шаһар атын қайта атау мәселесін жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері талқылады. Бас аяғы бір сағатқа созылған жиында қоғамдық кеңес өкілдері бір тоқтамға келіп, шаһар атын "Алтай" деп ауыстыру қажет деп шешті.

Тұрақты кеңес мүшелері де бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Бұл оң шешімге  ауданның зиялы қауым өкілдері риза көңілмен тарқасты.

"Қаламызға да, ауданға да тың серпін керек. Сол серпіннің рухани жаңғырудан басталғаны қуантады. "Алтай" дейтін әлемдік брендті экономикамыздың дамуына пайдаланбау күнә дер едім. Осы  қаланың өркендеуіне үлес қосып, өндіріс қазанында құрыштай қайнаған аға буын бұл өзгерісті құптайтынын мәлімдегім келеді", – дейді Зырян аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрайымы Элла Гейгер.

Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданының атауы өзгереді
© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Алтай – қазақ даласына тағдыр айдап әкелген сан түрлі ұлт пен ұлысты құшағына сыйдырған киелі өлке. XVIII ғасырда келген ескі наным өкілдері де, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жер аударылған алмандар мен өзге ұлттар да Алтайдың қойынынан пана тапты. Сондықтан ауданымыздың осы ұлы атауды алуы заңдылық. Бұл өлкенің Алтай атануы тарихымызды қайта қарауға бастаса деген үміт бар. Тарихшы ретінде мұнда да түркі өркениетінен қалған мұралар көп екенін айта аламын. Соның бәрі жарыққа шықса, біз өз бастауымызға оралған болар едік", – дейді өлкетанушы Денис Никитин.


Тақырып бойынша

Астанада төртінші ауданның атауы бекітілді
Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр
Алматыда Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі
Павлодарда Ленин көшесінің атауы Астана болып өзгертілді
Кілт сөздер:
депутат, Алтай, Зырян
Загрузка...

Басты тақырып