18:10 10 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.49
  • EUR421.06
  • RUB5.54
Операция

Өскеменде қыздың асқазанынан шыққан бөгде зат хирургтерді таңғалдырды

© Sputnik / Варвара Гертье
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1608 0 0

Өскеменде 10 жастағы қыздың асқазанынан алынған пима тәріздес зат бір уыс шаш болып шықты

АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Өскеменде Ана мен бала орталығының хирург-дәрігерлерін 10 жастағы қыз баланың асқазанындағы ұйысқан шаштың көлемі таңғалдырды.

Мектеп оқушысы ауруханаға асқазан тұсындағы қатты ауырсыну белгілерімен түскен екен. Хирург Есен Шоқаев пен оның көмекшісі Степан Изнаиров баланың асқазанындағы бөгде затты ота арқылы алып тастады, деп хабарлады Алтайньюс тілшісі.

Асқазанға жиналып қалған, қорытылмайтын бөгде заттар медицина тілінде безоар деп аталады. Мұндай патология неврологиялық ауытқулары бар балаларда жиі кездеседі. Қобалжып, күйгелектенгенде олар шаштарын шайнап, бірнеше талын жұтып қоятын көрінеді. Осылайша шаш асқазанға жиналып, уақыт өте келе, байпақ не пима тәріздес күйге жетеді екен.

Дәрігер мамандар ата-аналарды балалардың шаш шайнау секілді әдетіне назар аударуға шақырады. Егер мұндай әдет байқалса, баланың асқазанын ультардыбыстық зерттеуден өткізген жөн.

Асқазанынан шаш алынған қыз баланың қазір жағдайы жақсарып қалыпты. Дәрігерлер оның жуықта ауруханадан шығатынын айтып отыр.


Тақырып бойынша

12 жастағы қыздың асқазанынан үш келідей сағыз аралас шаш шықты
Ғалымдар 5 мың жыл бұрын адамның не жегенін анықтады
Қан қызыл түсті акула ғалымдарды шошытты
Қостанайда қыз бала нанмен бірге ағаш жаңқасын жұтып қойды
Индонезияда арал тұрғындары әйелді жұтып қойған алып жыланды сойды – видео
Кілт сөздер:
ота, шаш, бала, дәрігер, Өскемен
Загрузка...

Басты тақырыптар