16:40 10 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.49
  • EUR421.06
  • RUB5.54
Ер адам

Шананы көлікке тіркеп сырғанаған: Алматыда "жаңа Мақсат Үсенов" жазаланды

CC0 / StockSnap
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Қазақстан жұртышылығы желіде видеосы тараған жас жігітті қатаң сынға алып, жаңа Мақсат Үсенов деген ат қойған

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. 20 жастағы Назар Роллан ҚР ӘҚБК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жеті тәулікке абақтыға қамалды, деп хабарлайды Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жас жігіт қарсы беттік қозғалысқа шығып зулап және шананы көлікке жегіп сырғанауының арқасында көпшілікке танылған еді. "Ерліктері" түсірілген видеоларды "хайп үшін" Instagram-ға салған.

Шанаға мініп сырғанау

"Бостандық ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері 1998 жылы туған азамат Назар Ролланға қатысты әкімшілік жаза қолданды. Ол бірнеше мәрте қоғамдық тәртіпке жат қылықтар жасап, айналасындағыларға, оның ішінде жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірді. Сондай жайттардың бірінде әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшелерінің қиылысында жол үстінде шанамен сырғанаған", - деп мәлімет берді ІІД баспасөз қызметі.

Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік істің материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіліп, Роллан жеті тәулікке қамауға алынды.

Құйындай жүйткіген жүргізушілер мен хайп қуғандарға қандай жаза?

ІІД хабарлағандай, полиция әлеуметтік желіде жарияланған видео және фотоларды мұқият зерттеп отырады. Құқық бұзушыларға қатысты заңға сәйкес шара қолданылмақ.

Тақырып бойынша

Алматыда жылдамдықты асырған Mercedes аударылып қалды - фото
Алматыда жол ортасында тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кетті
Алматыда жаппай жол апаты болды: инкассатор көлігінің быт-шыты шықты
Алматыда жол ережесін бұзған көліктің кесірінен жас мотоциклші көз жұмды
Кілт сөздер:
шана, жол жүру ережесі, видео, жүргізуші, Алматы
Загрузка...

Басты тақырыптар