17:47 10 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.49
  • EUR421.06
  • RUB5.54
Казино

Құмар ойынға әуес басшы 5 миллион теңге бюджет қаражатын ұтылып қалды

РИА Новости
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
239 0 0

Кәсіпорын басшысы сегіз миллион теңгеден астам қаражатты жеке басына жұмсап, біраз бөлігін кейін қайтарған

КӨКШЕТАУ, 12 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Щучинск курорттық қаласында "Жаңа Тұрмыс 2020" компаниясының басшысы қалалықтардың қомақты қаражатын құмар ойынына тігіп ұтылып қалды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Щучинскіде 2012 жылы "ТКШ жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша төрт тұрғын үйде толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы мақсатта 68 миллион теңге бөлініпті. 2013 жылы аудан әкімдігі жүргізілген жөндеу үшін тұрғындардан қайтарылатын қаражатты жинау үшін "Жаңа Тұрмыс 2020" ЖШС компаниясын құрады.

Биыл ақпан айында жергілікті билік 2016 жылы "Жаңа Тұрмыс 2020" ЖШС директоры болып тағайындалған азаматтан есеп сұрап, алайда ешқандай жауап ала алмаған.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, тұрғындардың бәрі серіктестікке ақша төлепті. Алайда директор "Жаңа Тұрмыс 2020" компаниясының банк шоты мен кассасынан қаражаттың біраз бөлігін шешіп алған. 4 934 000 теңгені иемденген басшы Бурабай курортындағы "Cash Ville" казиносында құмар ойынға тігіп, ұтылып қалады.

Барлығы сегіз миллион теңгені иемденгені анықталды. Тергеу барысында ол кәсіпорынға бес миллион теңгені қайтарған екен.

Бурабай аудандық соты 38 жастағы бұрынғы директорды айыпты деп танып, 2,6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған азамат мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылған. Сонымен қатар, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеліпті.

Тақырып бойынша

Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің офицері парамен ұсталды
Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы қызмет офицері парамен ұсталды
Жезқазған әкiмiнiң орынбасары жарты миллион теңге парамен ұсталды
Жетісайда үш миллион теңгеге әжетхана салған әкім парамен ұсталды
Асанәлі Әшімов парамен ұсталған театр директорына қолдау көрсетті
Кілт сөздер:
құмар ойын, қаражат қымқыру, мемлекеттік қаражат, Щучинск, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар