09:12 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
414 0 0

Ауруханада өте ауыр жағдайда жатқан сарбазға екі мәрте қате диагноз қойылған

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik.  Іріңді менингит деген диагноз қойылған әскери қызметкер өткен жексенбіде қайтыс болды.

Lada.kz аймақтық басылымының мәліметінше, науқасты емдеуге тәжірибелі дәрігерлер тартылған, алайда олар сарбазды ажалдан арашалап қала алмаған. 

"Солдат көз жұмды, сағат 9:33-те миы жұмысын тоқтатты", — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ер адам 24 қыркүйекте ауырған. Ол екі күннен кейін басы ауырып, айналғанын және бөртпе шыққанын айтып, медициналық көмекке жүгініпті. Дәрігерлер алдымен шешекпен ауырды деген диагноз қояды, алайда бір тәуліктен кейін солдатты тексерген дерматолог жедел тыныс алу ауруы бар екенін анықтайды. Дегенмен 30 қыркүйекте жігіт құса бастап, есінен танып қалған. 

Ер адам коматозды күйде ауруханаға жатқызылды. Зертханалық сынақтар жүргізілді, полимеразды тізбекті реакция талдауы теріс нәтиже көрсетті. Бактериологиялық зерттеу әдісімен стрептококк бар екені анықталған. Кейінірек оған іріңді менингит диагнозы қойылды.

Дәрігерлер науқаспен байланысқан 355 адамды тексерді. Олардың 18-і өздерін жайсыз сезінгенін айтқан, 12-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді: олардың біреуі өткір респираторлы вирустық инфекция жұқтырса, 11-і профилактикалық мақсатта ем алады.  


Тақырып бойынша

Бекшин Қарағандыда менингит жұқтырған оқушы туралы мәлімет берді
Көз жұмған шымкенттік түлек менингит жұқтырған болып шықты
Талдықорғанда үш адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Шымкентте қайтыс болған бозбала менингит жұқтырған болуы мүмкін
Біртанов менингит жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, сарбаз, менингит індеті, Ақтау
Загрузка...

Басты тақырып