14:16 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Қыз терезеден қарап тұр

Павлодарда бүлдіршін 6-қабаттан құлап кетті: жаяу жүргінші құтқарып қалды

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
777 0 0

Бастапқыда ер адам қызды қағып алмақ болады. Алайда үлгермей, кейін тынысы тарылып жатқан баланы жасанды жолмен демалдырады

ПАВЛОДАР, 21 қазан — Sputnik. Алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен бес жасар қыз Павлодардағы ауруханалардың біріне жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция ведомствосының хабарлауынша, 20 қазан күні сағат 18:09 кезінде Катаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан 2013 жылы дүниеге келген қыз құлап кетеді. Бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жерге құлап түскен қыз балаға 41 жастағы Александр Жұмабаев дер кезінде қол ұшын созып, құтқарып қалған болуы мүмкін.

"Мен кешке қарай жұмыстан келе жатқан әйелімді күтіп алмақ болып далаға шықтым. Катаев көшесінің бойымен келе жатқанымда жаныма терезенің темір торы құлап түсті. Басымды жоғары көтергенімде баланың құлап келе жатқанын көрдім.

Мен оны қағып алмақ болдым, бірақ үлгермей қалдым. Жерге құлаған кезде қыз бала екенін көрдім.Ол шөптің арасына кейін жерге құлап түсті. Жанына жүгіріп барғанымда қыздың қозғалып, бірақ тынысы тарылып жатқанын көрдім.

Шалқасынан жатқызғанымда ернінің қанап жатқанын байқадым. Мұрнын саусағыммен басып, жасанды жолмен демалдыра бастадым. Ол тез есін жиып, айғайлады. Телефон арқылы бірден жедел жәрдем қызметін шақырдым", — деді ол.

Сондай-ақ, куәгерлер қыз балаға қарияның да көмектескенін айтты. Ол үстіндегі күртесін шешіп, оны балаға кигізген.

"Анасы жүгіріп шығып жылап, айқайлай бастады. Тіпті, қызын жерден көтеріп алмақ болды. Алайда бұған жол бермедік. Себебі, қыздың омыртқасы сынған болуы мүмкін еді. Көп ұзамай полицейлер мен жедел жәрдем келді. Мен ауруханаға онымен бірге бармақшы болдым. Алайда полицейлер маған тыйым салды. Түнімен ұйықтамадым. Тірі болса екен деп алаңдадым", — деді Жұмабаев.

41 жастағы азамат өзінің жүргізуші екенін айтты. Алайда көптен бері жұмыс таба алмай жүр екен.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, 2013 жылы туған қыздың ернінің жоғарғы бөлігі зақымданып, жабық бас-сүйек жарақатын алған. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Тақырып бойынша

Екібастұзда екі оқушы түнде бесінші қабаттан құлады, біреуі көз жұмған
Шымкентте әйел 14-қабаттан құлап кетті
Қытайда екі баланы анасы 5-қабаттан тастап жіберді – видео
Балконда үлкен дәретке отырмақшы болған жігіт алтыншы қабаттан құлап түсті
Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті
Павлодарда 11-қабаттан құлаған әйел жас жігітті өлтіре жаздады
Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті
Кілт сөздер:
көмек, ер адам, қыз бала, терезе, жедел жәрдем, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып