Өңірлер

Үш жылдан соң ораласыңдар: Орал тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр

© Photo : CC0 / Felix WolfҮй
Үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпірді жөндеу үшін жауып тастайды, ал жақын маңдағы үйлердің тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Оралда бірнеше отбасының хабарлауынша, қала билігі оларды өз үйлерін тастап кетуге мәжбүрлеп жатыр.

Пәтер кілті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның шығысында үйлер құлады: тұрғындар жаңа пәтер кілтін алды
Үй иелері уақытша қала сыртына көшуге тиіс, себебі тұрғын үй массивінің үстімен өтетін көпір жөндеуден өтуі керек, деп хабарлайды КТК.

Жарты ғасыр бұрын салынған көпірдің жағдайы мүшкіл көрінеді. Жүк көліктері өткенде әрең шыдайды екен. 

Әкімдік жеке үй иелеріне түсіндіргендей, құрылыс алаңының шекарасы көпірден үш метрдей қашықтықта өтеді, яғни тура үйлердің аумағында, сондықтан мұнда тұру мүмкін емес.

Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарға уақытша баспанаға көшуге ұсыныс айтылды. Алайда олар үйлерін тастап кетуге жүрексініп отыр. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, дұрыстап қарамаса, 70 жылдық үйлер ұзаққа шыдамайды. Оның үстіне, үйлерді тонап кетпесіне кім кепіл?

Бір жарым аптадан соң көпірді жөндеу үшін жауып тастайды, ал тұрғындар әлі не істерін білмей отыр.

Жаңалықтар
0