11:22 20 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD376.40
  • EUR427.36
  • RUB5.86
Дөнер

Қарағанды облысында адамдар дөнер жеп, жаппай уланып қалды

© Sputnik / Евгений Одиноков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
119 0 0

Дөнерден уланған 9 адам ауруханада жатыр

ҚАРАҒАНДЫ, 25 қазан — Sputnik. Қарағанды облысы Абай қаласында 12 адам тамақтан уланып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген, олардың тоғызы ауруханаға жатқызылды. Белгілі болғандай, бәрі жергілікті дәмханада дөнер жепті.

"22 қазаннан бастап облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына науқастар түсе бастады. Соңғы адам кеше кешкісін келген. Барлығы тоғыз адам ауруханаға түсті, олардың жетеуі – ересектер, біреуі тоғыз жастағы бала, тағы бірі – жасөспірім. Науқастардың айтуынша, бәрі бір дәмханадан дөнер алып жепті", — дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Науқастардың бәріне бірдей диагноз қойылды – жедел ішек инфекциясы. Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дөнерханада жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

"Тағамның сынамасы, асүй құралдарының шайындысы, судың сынамасы алынды. Сонымен қатар, қызметкердің де анализін алдық, инфекцияны таратушы сол болуы әбден мүмкін. Қорытынды әлі шыққан жоқ", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Дөнерханада дезинфекция жасалып жатыр, ал қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілген.

"Науқастармен араласқан адамдарды да анықтадық, дәрігерлер оларды мұқият бақылауда ұстап отыр. Аудан әкімдігіне, прокуратураға, полицияға жаппай инфекция жұқтырғандар туралы ақпарат жіберілді", — дейді ведомство.

Сынамаларды зерттеу нәтижесінде инфекцияның қайдан шыққаны белгілі болады. Содан соң дәмхана иесіне жаза тағайындалмақ.

Тақырып бойынша

Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды
БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық отбасы уланып қалды
Ақмола облысында жаназаға жиналған жұрт уланып қалды
50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Оралда әйел өзі пісірген мәнтіден уланып, қаза тапқан
Дәрігерлер Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде уланып қалмау туралы кеңес береді
Кілт сөздер:
жедел ішек инфекциясы, жаппай улану, дөнерхана, Қарағанды облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар