08:41 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Сот

Өртеніп кеткен 52 өзбектің туыстары сотталушыларды ең ауыр жазаға кесуді талап етті

© Sputnik / Екатерина Чеснокова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
327 0 0

Жәбірленуші тараптың өкілдері соттан талап еткендей, айыптылардың бәрі қатаң жазаға кесілуі тиіс

АҚТӨБЕ, 30 қазан – Sputnik. Бүгін сейсенбі күні биыл қаңтар айында Самара-Шымкент тас жолында жанып кеткен автобус туралы іс бойынша екі жақтың пікірсайысы өтті. Қазан қаласына бет алған автобустан өрт шығып, 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді.

Өрттен бес жолаушы мен үш автобус жүргізушісі аман қалды.

Прокурор автобус жүргізушілері Барат Таңатаров, Нұржан Қырғызбаев және Мақсат Пернебековтің айыбы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, көліктік құралдарды пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан екі немесе одан да көп тұлғаның қаза табуы" бабы бойынша толығымен дәлелденді деп санайды.

Мемлекеттік айыптау жаза ретінде жүргізушінің әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, сотталушылар қылмысты абайсызда жасаған. Тағы екі сотталушыны – Бахадыр Бердібаев (автобусты рейске жіберген механик) пен Нұрлыбек Телепбаев (өртенген автобус тиесілі фирманың басшысы) мемлекеттік айыптау 7 жылға соттауды сұрады.

Сотталушылар кінәсіз екендіктерін айтып, соттан ақтап шығуды өтінген. Олардың ешқайсысы кінәсін мойындамай, өрт шығуына айыпты емес екенін алға тартады. Жүргізушілердің айтуынша, автобус тоқтап қалған соң жолаушылар дәнекерлеуші шамды қосып, жылынып отырғанда, шамды теуіп, құлатып жіберген жолаушының кесірінен өрт шыққан.

Сарыағаш қаласындағы аудандық соттан видео байланыс арқылы пікірсайысқа қатысқан жәбірленушілер сотталушыларды ең ауыр жазаға кесуді сұрады.

Қаза тапқан өзбектердің туыстары
© Sputnik / Дмитрий Матвеев
Қаза тапқан өзбектердің туыстары

"Олар адамды емес, ақшаны ғана ойлады. Жүргізушілер адамдарды құтқарса, бәрі тірі қалатын еді", — деді автобустағы өрттен қаза тапқан жолаушылардың бірінің туысы.

Бұдан бөлек, жәбірленушілер жүргізушілерден моральдық шығын ретінде қаза тапқан әр адам үшін 150 миллион теңге талап етіп отыр.

Тақырып бойынша

Ақтөбедегі 50-ден астам өзбектің өлімі: сот қашан және қайда өтеді
Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты
Ақтөбедегі автобус өртінде қаза тапқандар Өзбекстанда жерленді
Өзбекстан билігі Ақтөбедегі трагедияға не себеп болғанын айтты
Ақтөбедегі трагедия: заңға тасымал талабын күшейтетін өзгерістер енгізілмек
Кілт сөздер:
жаза, сот, Өзбекстан азаматтары, автобус өрті, Самара-Шымкент жолы, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып