Өңірлер

Түркістан облысында білім бөлімі 46 қызметкерге заңсыз қосымша ақы төлеп отырған

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңсыз әрекетке жол берген жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Түркістан облысы Түлкібас аудандық білім бөлімі 46 қызметкерге ай сайынғы жалақысына қосымша 5 мың теңгеден төлеп отырғаны анықталды, деп хабарлайды тілшісі.

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекеттік қызметшінің телефонына ақша салған әйел 1000 доллар айыппұл төлейді
Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, аудандық білім бөлімі мемлекеттің 5 миллион теңгесін мақсатсыз жұмсағаны анықталған. Соңғы 2 жыл 4 айдың ішінде 46 қызметкерге ай сайын 5 мың теңгеден еңбекақыға қосымша төлемдер жүргізген.

"Қосымша төлем жұмысшыларға еңбек жағдайы зиянды және қауіпті жұмыстардағы еңбегі үшін төленіп тұрған. Алайда олардың еңбек жағдайын зиянды деп тану үшін мамандандырылған ұйымдар берген қорытынды жоқ", — деп хабарлады прокуратура.

Заңсыз әрекетке жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта бюджетке 1 миллион теңге өндіріліп алынды. 

Жаңалықтар
0