08:01 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Сәби жылап жатыр

Алматылық әйел жаны қысылғанда үш баласын тастап кеткісі келгенін айтып жылады

CC0 / fancycrave1
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
802 0 0

Маусым Жұманова 2005 жылы жұмыс істеу үшін Қазақстанға Өзбекстаннан көшіп келген. Айтуынша, туған-туыс, бауырлары көмектеспейді

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Бүгінде күйеуімен ажырасып, үш баласын асырай алмай отырған әйел тамаққа ақша таба алмай жүргенін айтып жылады. Бір кездері Өзбекстаннан жұмыс істеу үшін Алматы қаласына көшіп келген. Бірақ, әлі күнге дейін құжаттарын реттеп, жұмысқа кіре алмай отыр.

41 жастағы Маусым Жұманова 2005 жылы Өзбекстаннан Алматы қаласына көшіп келген. Осы уақытқа дейін екі рет тұрмыста болып, бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр. Екінші күйеуінен ажырасқалы бері жағдайы күрт нашарлаған. Себебі, бұрынғы күйеулерінен алимент алмайды және жұмысқа тұру үшін құжаттары жеткіліксіз.

Өзбекстанға барып құжаттарын ретке келтіру үшін ол үш баласын бейтаныс келіншекке тастап кетуге мәжбүр болады. Жазира Қораласпаева бұл жалғызбасты анамен қалай танысқанын айтып берді.

"Кенже қызымды босану үшін перзентханада жаттым. Бір күні түскі мезгілде ұйықтап кетіппін. Кенет терезе жақтан жылап жатқан баланың дауысынан ояндым. Терезенің жанына барып, бейтаныс әйелдің жылап тұрғанын көрдім. "Не жағдай болды? Неге жылап тұрсыз?" деп едім, балаларын осы перзентханаға тастап кету үшін келгенін айтты. Күйеуімен ажырасып, үш бірдей баласын бағуға жағдайы келмей отыр екен", — деді Жазира Қораласпаева Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Тағы оқыңыз: 

Ал үш баланың анасы бірнеше күннен бері тамақсыз отырғандарын жеткізді. Қанша жерден жұмыс істеуге талпынғанымен, құжатсыз еш жерге қабылдамайды екен. Сондай-ақ, ол балаларының киімге келгенде де қиналып отырғанын жеткізді. Кейде, тіпті, осы киім салдарын бір жерге бара алмай қалатын кездері де болады екен.

"Күздігі де, қыстығы да жоқ. Бір бала мүлдем киімсіз, етігі де жоқ. Тіпті, 1 қыркүйекке бара алмай қалды. Өзім киім алып бере алмағандықтан, елдің киімін кигіземін. Бір қыз кенжеме киім әкеліп берген болатын. Бала күнімде қалай қиналсам, әлі күнге дейін дәл солай қиналып келе жатырмын", — деп жылады Маусым Жұманова.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектептің әлеуметтік педагогы Ботагөз Омарова балалардың 2018 жылдың 13 қыркүйегінде мектеп табалдырығын алғаш аттағанын айтты. Көпбалалы отбасыға көмектесу мақсатында үйлеріне барған кезде, әйел қайтадан Тұрар Рысқұлов ауданына көшіп кететінін айтқан. Десе де, әлеуметтік қызметкер бұл отбасыны "Мектепке жол" акциясы аясында қажетті құрал-жабдық, киім-кешекпен қамтамасыз еткенін айтып өтті. Мұндай қызметкерлерден құжат сұрайды деп тексеруден қашып жүрген Маусым Жұманова өзінің аянышты тағдырын баяндады.

"8 айлығымда анамнан ерте айырылдым. Өгей шешем күн көрсетпей, 2005 жылы Алматыға жұмыс істеу үшін келдім. Содан бері осында жүрмін. Бұл жақта туысым жоқ, бәрі Өзбекстанда тұрады. Әртүрлі зауытта істеп көрдім. (…) Балаларымды іштей жетімдер үйіне тапсырғым келмейді. Жұмыс істеп, оларды асырасам екен деймін. Бірақ еш жерге тіркелмегендіктен, ешқайда шықпаймын", — деді ол.

Тағы оқыңыз:

Осы жылдың мамыр айында Маусым Жұманова перзентханада алғаш рет көрген бейтаныс әйелге үш баласын қалдырып, өзі Өзбекстанға кетеді. Айтуынша, сол жақтан барлық құжатын реттеп келмек болған. Ал балаларды уақытша бағуға келісімін берген Жазира Қорласпаева бастапқыда әйел балаларын тастап қашып кетті екен деп қатты қорыққанын жеткізді.

"Қонаққа да бара алмай үйде отырып қалдым. Шамамен әйел бір жарым, екі айдай уақытқа жоқ болып кетті. Осы уақыт ішінде қалай қиналғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірақ Алла тағала жеңілдік беріп, бала мазасызданбады. Үйде қымбат торт немесе ет асып жеп отырсақ, осы балалардың жағдайы туралы ойлаймын", — деп жылады Жазира Қораласпаева.

Араға екі ай салып Маусым Жұманова Өзбекстаннан қайтып келеді. Айтуынша, өгей анасы да, өзге туысқандары да үйге кіргізбей қойған. Осыдан кейін көршілерінің үйінде түнеп, сол жақтағы мекенжайы бойынша тіркеуден шығып келген. Енді Қазақстанда құжаты реттелсе екен деген тілегі бар. Олар дұрыс болған жағдайда бірден жұмысқа орналасатынын айтады.

Тақырып бойынша

Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді
Көпбалалы өрт сөндірушіні Назарбаев берген пәтерден қуып жатыр
Астанада көпбалалы отбасыларға қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалады
ОҚО көпбалалы ана ақша табу мақсатында полиция киімін киген
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог
Шымкенттік әйелдің бала ұрып жатқан тағы бір видеосы жарияланды
Кілт сөздер:
жалғызбасты ана, күйеуі, ажырасу, әйел, бала, Өзбекстан, Алматы
Загрузка...

Басты тақырыптар