17:03 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Сәби

Алматыда бес айлық сәбиді арбаға салып, көшеге тастап кеткен

CC0 / congerdesign
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
110 0 0

Салқын тиіп, пневмонияға шалдыққан қыз бала ауруханаға түскен

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Алматы көшесінен арбада жатқан бес айлық қыз бала табылды.

Нәрестеге салқын тиіп қалған, ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сәби бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болып, бірақ сол уақыт ішінде ата-анасы табылмады, деп хабарлайды КТК.

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Валерия Кимнің айтуынша, қыз бала өсіп, салмақ қосып келеді, қазір жағдайы қанағаттандырарлық. 

Дәрігерлер хабарлағандай, сәбиге қатты суық тиіп, пневмонияға айналып кеткен көрінеді. Қыз баланың хәлі мүшкіл болып, бір ай бойы өлім мен өмірдің арасында жатыпты.

Қыздың есімі – Антонина, бес айлық.

Алматылық әйел үш баласын тастап кеткісі келетінін айтты

Анасы жайында ешқандай ақпарат жоқ. Дәрігерлердің берген мәліметіне сүйенсек, анасы баланы тіркемеген, яғни туу туралы куәлігін алмапты.

Антонинаның ата-анасын полиция іздеп жатыр. Табылмаса, балалар үйіне жіберіледі.

Тақырып бойынша

Көшеден сәби табылды: ақмолалық әйел жаңа туған нәрестесін өлтірді деген күдікке ілінді
Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді – африкалық әйел Қазақстаннан кеткісі келмейді
Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"
Кілт сөздер:
дәрігерлер, аурухана, сәби, Алматы
Загрузка...

Басты тақырыптар