Өңірлер

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының атауын өзгертуге қарсы шықты

Жазылу
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов неліктен бұл бастамаға қарсы екенін түсіндірді

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс атауын Торғай деп өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды .

Іс папкасы, архивтегі  фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Зырян қаласы мен ауданының атауы өзгертілді

Әкім Қостанай облысының атауын өзгертуді сұрап ашық хат жазған бастамашыл топтың ұсынысына деген көзқарасын жеткізді.

"Осындай хатпен таныспын, оны көрдім. Былайынша айтқанда, жалпы ұстанымым — қарсымын. Өйткені, Қостанай облысының ежелден келе жатқан атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 адам қол қойған. Олардың бірнешеуімен өзім сөйлескен едім. Арасында осы хатқа қол қоймағанын айтқандар болды. Мысалы, көп ауданда әкім болған Сабыржан Ахметұлы деген кісі "Мен бұл хатқа қол қойған жоқпын" деп бас тартып отыр. Қалибек Деріпсалдин деген сазгер де хатқа қол қоймағанын айтты. Сондықтан халықты дүрліктіру дұрыс емес", — деді Архимед Мұхамбетов.

Әрі қарай облыс әкімі белгілі бір атауды өзгертудің өзіндік тәртібі болатынына тоқталды. Яғни ұсыныстар арқылы қала немесе облыс атауын өзгерту оңай емес.

Тағы оқыңыз:

"Торғай деген бізде қалыптасқан, бұрыннан келе жатқан аудан орталығы бар. Егер 30-40-жылдары Қостанай қаласының аты Торғай деп аталса, яғни бұрынғы атын қайтару бойынша жұмыс болса бір жөн", — деп әкім бұл бастамаға неліктен қарсы екенін түсіндірді.

Жаңалықтар
0