Өңірлер

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Тимур БатыршинКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс өңірлерде ғана ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерде жел ұйытқиды, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте – төменнен соққан боран

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі 7 қарашада жауын-шашынды ауа райы болады, жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметі.

7 қараша, күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қараша

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, Ақмола облысында – кей жерде төменнен соққан боран.

Алматы, Түркістан облыстарында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде Алматы облысында кей жерде тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ, күндіз Қарағанды облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман, күндіз Жамбыл облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.

ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +1, түнде —1 градус, қар жаууы мүмкін.

сәрсенбі күні ауа райы жайма-шуақ болады, күндіз температура +8 градусқа жылынса, түнде +1 градусқа төмендейді.

жаңбыр жауады, күндіз температура +10, түнде +7.

Жаңалықтар
0