16:57 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Сүймен ұстаған ер адам

"Жылағанына қарамады". Есілде ағайынды жігіттер бөлесіне жауыздық жасаған

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
925 0 0

Ақмола облысында туған бөлесін өлтіріп кеткендер сотталды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Ақмола облысының Есіл ауданында туған бөлесін аяусыз өлтірген екі ағайындыға сот үкім кесті. 30 жастағы Абылай Шыңғысовты қасақана өлтірді деп айыпталған топтың ішінде болған 3 жігіт те жазасын алды.

"Қапаров Айбол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-шы бабының 3-ші тармағына  сәйкес, қасақана кісі өлтіргені дәлелденіп, сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті", — деді судья Арлан Қосжанов. 

Асаба жігітті өлтірді деп айыпталған Айбол Қапаров жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейтін болады. Оның туған інісі Айбек Қапаровтың бір жылға бас бостандығынан айырылып, қолына сотта кісен салынды, деп хабарлады КТК.

Бұл ағайынды екеу олардың қолынан мерт болған Абылай Шыңғысовтың туған бөлелері екен. Түнделетіп келіп, марқұмның үйінде ойран салғандардың арасында тағы ауылдас 3 жігіт болған. Олардың әрқайсысына 1 жылға шартты түрде  үкім кесілді. Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Красивое ауылында болған-ды. Оқиғаға өзі куәгер болған ана соттың мұндай шешімімен мүлдем келіспеймін деп отыр. 

"Бәрі бостандықта жүрді. Ешкім ештеңе істеген жоқ. Бірге келген. Бірге өлтірді. Мен куәмін. Кішкентай баланың көзінше, жылап-сықтағанына қараған жоқ. Ешқандай аяушылық болмады. Әрі қарай жазамын", — деді марқұмның анасы Зәуреш Шыңғысова.


Тақырып бойынша

"Айтқанымды істемеді". Жүкті келіншекті атасы болмашы нәрсеге бола өлтірді
Алматы облысында сәбиін өлтірді деп айыпталған жас ана ұсталды
Көпбалалы әке 4 жасар ұлын бұтына жібергені үшін аяусыз сабап өлтірді - видео
Алматы облысында әйел басындағы битін тазалаймын деп қызын өлтіріп алды
Кілт сөздер:
адам өлімі, сот үкімі, ағайынды, бөле, Есіл ауданы, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар