Өңірлер

ШҚО-да аяз 34 градусқа дейін жетті: мектептерде сабақ тоқтатылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында температура 30 градустан төмендеді

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik.  Қазақстанның шығысына күшті аяз келді, салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды. 

Білім басқармасының мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстың бірнеше ауданында оқушыларға сабақ болмайды. 

  • Зырян ауданы (-34 градус) – 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
  • Риддер (-24)  – бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
  • Аягөз ауданы (-31) – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
  • Көкпекті ауданы (-27) – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді.
  • Үржар ауданы (-33) — 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.  


Жаңалықтар
0