Өңірлер

Қызылорда облысында екі автобус бетпе-бет соқтығысты – 86 адам зардап шеккен

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылордада дәрігерлер Самара – Шымкент жолындағы апаттан зардап шеккен 29 адамның өмірі үшін күресіп жатыр

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. 16 қараша күні кешкісін Қызылордадан 130 шақырымдай жерде Ақжар ауылының (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) маңында екі автобус бетпе-бет соқтығысты, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресейде 17 жолаушы мінген қазақстандық автобус аударылды

Автобустардың бірі Қазалы ауылынан Қызылордаға бара жатса, екіншісі – Қызылордадан Жосалы аудан орталығына жол тартыпты. Жол апатының себептері анықталып жатыр.

Апат жайында хабар түскен бойда, оқиға орнына құтқарушылар, дәрігерлер мен полицейлер шұғыл жетті. Жергілікті атқарушы орган өкілдері, Қармақшы ауданы әкімі Сұлтан Мақашов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері де жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті.

"Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің 34 қызметкері, 13 техника және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің 34 қызметкері, 130 медициналық қызметкер – олардың 16-сы дәрігерлер жұмылдырылды. Бұдан бөлек, 12 жедел жәрдем бригадасы шақырылған", — деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жол апатынан зардап шеккендер Жалағаш және Қармақшы аудандарының орталық ауруханаларына жеткізілді, кейінірек Қызылорда облыстық медициналық орталығының дәрігерлері де шақырылған.

Екі адам оқиға орнында қаза тапса, тағы бір бала ауруханада көз жұмыпты.

"Екі автобуста барлығы 86 адам болған, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте. — Жедел медициналық жәрдем 74 жолаушыға қажет болған. Олардың ішінде 29 адам әлі дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қалған 45 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеу тағайындалды. 16 қарашада Қармақшы ауданы Ақжар ауылынан 10 километр жерде екі жолаушылар автобусының соқтығысуынан зардап шеккен үш науқас Қармақшы орталық аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы Қызылорда облыстық медициналық орталығына жеткізілді".

Қызылорда облысы әкімдігі хабарлағандай, қаза тапқандардың отбасына жергілікті билік жан-жақты көмек көрсетеді.

Жаңалықтар
0