10:07 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Төбелес

Мемлекеттік қызметшілердің төбелесі: ауыл әкімінің басы бәлеге қалды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
292 0 0

Мемлекеттік мекеме қабырғасындағы жанжалдың соңы әкімге қарсы іспен аяқталды

КӨКШЕТАУ, 20 қараша – Sputnik. Ақмола облысында әкімдік қызметкерлері төбелес шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға биыл 11 қазанда Краснояр ауылдық округі (Көкшетау жанында) әкім аппаратының ғимаратында болған. Хатшы-реферант пен маманның арасында жанжал шығып, арты жұдырық жұмсауға ұласқан. Салдарынан мемлекеттік қызметшілердің бірі жарақат алды. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті қызметтік тексеріс жүргізді. Айта кетсек, мемлекеттік мекеме қызметкерлері бұл деректі растаған. Тексерістен соң ведомство Красный Яр ауылының әкіміне қатысты дисциплиналық іс қозғалды. Басшы әкімдік қызметкерлерінің арасындағы кикілжіңнің алдын алу үшін ешқандай шара қолданбаған, ал бұл ҚР мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі талаптары мен "ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңын бұзу болып саналады.

Этика бойынша кеңес Красный Яр ауылының әкімі Нұрлан Айсинге дисциплиналық жауапкершілікке тарту шарасы ретінде сөгіс жариялауға ұсыныс айтты.

Тақырып бойынша

Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты - видео
Таразда жаппай төбелес болып, жас жігіт көз жұмды
Қолын бұрап алып кетті: полиция төбелес шығарған қыздарды ажыратты
Қапшағайдағы төбелес кезінде абайсызда кісі өлтірген жігіт бостандыққа шықты
Ақтауда жол ортасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
НТВ арнасындағы бағдарлама кезінде төбелес шықты - видео
Кілт сөздер:
ауыл әкімі, төбелес, мемлекеттік қызметші, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып