Өңірлер

"Келесі сенсің!" Шөпті өртеп, хат қалдырып жүрген қаскөй бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр

© Photo : CC0 / PexelsӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар бірнеше рет өрт шыққан соң, кезекшілік ұйымдастырып, әуреге түсті

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылының тұрғындары бүгін кімнің үйінен өрт шығады деп алаңдап отырады, себебі небәрі он күн ішінде он үйдің қорасындағы шөп өртенген, деп хабарлайды КТК.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді

Қасақана от қойып жүрген қаскөйді ауыл тұрғындары жабылып іздеп жүр. Ол үшін күні-түні кезекшілік ұйымдастырыпты. Қылмыскердің әккілігі сонша – бүгін ауылдың бір шетіндегі шөпті өртесе, ертесіне екінші шетінен өрт шығады. Ал жапа шеккен тұрғындар қыста малымызды қалай асыраймыз деп зар иелеп отыр.

"Мынау не деген сұмдық? Өртеген адамның ұяты бар ма екен? Біз осы шөпті қыстыққа жинадық. Осы малмен балаларымызды асырап отырмыз. Өзіміз жұмыс істемейміз. Мен қорқып қалдым. Бара-бара мүмкін үйде жанатын шығар", — деп мұңын шақты Қосестек ауылының тұрғыны Гүлнәр Алманова.

Арам ниетті кісі шөп өртегенімен қоймай, үй ауласына ескерту хатын тастап кетеді екен. 

"Жау сырттан келмейді, арамыздағы адам. "Руслан, сен келесісің. Дайындал. Шөбі бар адамдар 50 мың теңгелеріңді дайындап қойыңдар" депті", — дейді тағы бір тұрғын Тәңірберген Бәйменов.

Қосестек ауылдық округінің әкімі Гүлжан Досмағанбетованың айтуынша, жергілікті билік жеке шаруа қожалықтарынан былтырдан қалған шөпті алып, зардап шеккен ауыл халқына жеткізіп бермекші.

Қазір бұл жұмбақ жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тұрғындардың бірі күдікке ілігіпті. Оның жазуын хатпен салыстыру үшін сараптамаға жіберген екен.

Жаңалықтар
0