00:45 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
Қолына кісен салынған ер адам, архивтегі фото

Ақтөбе тұрғыны ұлын әйелінің көңілдесі екен деп ойлап, пышақтап тастады

© AP Photo / Martin Mejia
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3113 0 0

Дәрігерлер жүрек тұсынан жарақат алған 17 жастағы жігітке дер кезінде ота жасап, өмірін құтқарып қалды

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Ақтөбеде өгей ұлының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген ер адам сотталып жатыр.   

Жантүршігерлік оқиға кәмелетке толмаған үш бала тәрбиеленіп жатқан отбасыда болған, деп жазды aktobetimes.kz. 

13 қыркүйекте отағасы Рамиз жұмыстан үйге мас болып келеді. Бұл уақытта кішкентай балалар өз бөлмесінде ойнап отырған, ал залда үлкен ұл ұйықтап жатады. Автобус паркінде кондуктор болып істейтін балалардың анасы жұмыстан әлі келмеген.     

Отағасы үйге кіріп келіп, залда ер адамның жатқанын көреді. Рамиз мастықпен оны әйелінің көңілдесі екен деп ойлап қалған. Кім екенін сұрап жатпай, дереу пышақты алып, оның кеудесіне сұғып алады. Алайда залда ұйықтап жатқан көңілдес емес, өзінің үш жасынан бауырына басқан өгей ұлы болып шығады.         

Соққыдан оянып кеткен 17 жастағы Алексей "Не үшін?" – деп айғайлаған. 

Рамиз не бүлдіргенін осы кезде бір-ақ түсінеді. Бөлмеге Рамиздің 12 жастағы қызы жүгіріп келеді. Алексей қарындасына жедел жәрдем шақыр деп айтып үлгерген. Жігітке балалар ауруханасында ота жасалды. 

Таңертең Рамизді полиция ұстап әкеткен, сараптама ол орташа ауыр дәрежеде мас болғанын көрсетті.

Абырой болғанда, пышақ күретамырға тимеген және жүрекке бірнеше миллиметр қалғанда тұрып қалған. Ол ауруханадан шықты. 

8 қарашада қалалық №2 сотта осы іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сотта қылмыс жасалған кезде Алексей 17 жаста болғаны анықталды. Осылайша, қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың қарауына берілді.  

Процеске Алексей мен оның анасы келді. Олар журналистерге Рамизді кешіргенін айтты.

Айыпталушы сот алдында Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлімі, 11-тармағы – "Кәмелетке толмаған адамға қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша жауап береді. Ол 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

 


Тақырып бойынша

Ақтауда жүкті әйел байқамай сірке суын ішіп қойды
Ақмола облысында ақсақал ұлын немерелерінің көз алдында пышақтап өлтірді
Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады
Кілт сөздер:
көңілдес, пышақтап тастады, қылмыс, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып