Өңірлер

Шымкентте төрт ай бұрын жоғалған бала полицияға келіп, бар шындықты айтты

© Photo : StockSnapБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың жоғалғаны туралы әкесі бір жарым айдан соң бір-ақ арыз берген

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Шымкент полициясы мен еріктілер 22 шілдеден бастап іздеп жатқан 12 жастағы бала әл-Фараби ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне өзі келіп, бар шындықты айтты.

Жетінші сынып оқушысы 20 қарашада полицияға келіп, үйінен өз еркімен кетіп қалғанын айтқан.

Қыздың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды

"Әкесі мен өгей шешесінің қолында тұрып жатқан бала отбасыда қысым көріп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, әрі қарай бұған төзгісі келмеген. Ақыры соңында үйінен кетіп қалуға бел байлапты", — деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, әкесі баланың жоғалып кеткеніне бір жарым ай болғанда ғана полицияға арыз берген. 

Жасөспірімді іздеген еріктілер оның осы уақыт бойы Алматыда болғанын пайымдайды.

Ювеналды полиция оқиғадан кейін баланың әкесін назарға алды.

Баланы дәрігерлер мен психологтар қарап жатыр. Сонымен бірге ер адам жауапқа тартыла ма және әрі қарай баласын тәрбиелей ала ма деген мәселелер шешілуде.

Жаңалықтар
0