18:09 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
бұрқасын

Аяз және бұрқасын. Бүгін ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Владислав Воднев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
304 0 0

Республиканың басым бөлігінде қатты жел соғып, бұрқасындатады, тұман түседі

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы язды, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауады, кей жерлерде қалың қар жауып, жел, бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Түркістан, таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман түседі, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасындатады.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Кілт сөздер:
жел, бұрқасын, ауа райы болжамы, қазгидромет
Загрузка...

Басты тақырыптар