17:49 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Есірткі

Алматыда нашақор 1000 дозадан астам есірткімен ұсталды – видео

© AP Photo / Felipe Dana
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
83 0 0

Ұсталған адам есірткіге салынған, бұрын есірткі саудасы үшін сотталыпты

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан — Sputnik. Алматының полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі саудасымен айналысып, есірткілік заттарды сақтады деген күдікке ілінген 38 жастағы адамды ұстады.

Жедел қызметкерлердің мәліметі бойынша, күдіктіні ұзақ уақыт бойы аңдып, бірнеше рет агенттердің көмегімен есірткі сатып алған. Ер адамның есірткі саудасымен айналысқаны арнайы құралдармен тіркеліп, құжатқа енгізілген соң, кезекті саудаласудың бірінде ол қолға түсті.

"Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы үйін тінту барысында 300 грамм ақшыл түсті ұнтақ зат табылды, 200 грамнан астам – өсімдік тектес", — деп хабарлайды Алматы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ерлан Алмағамбетов.

Күдікті ұсталғаннан кейін бірден тәркіленген заттарға сараптама жүргізіліп, пакеттерде героин мен марихуана болғаны дәлелденді. Сонымен қатар, жедел қызметкерлер ұсталған адамның өзі де нашақор екенін анықтады, бұрын есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Ведомство мәліметінше, күдіктіде барлығы 1 мың 395 дозадан астам есірткі болған.

Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Тергеу барысында қамауда ұстау мәселесі шешілуі тиіс. Полицейлер оның есірткіні қайдан алғанын анықтайды.

Тақырып бойынша

"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Шымкенттік қария үйінің ауласында есірткі өсірген
Беларусь сотталған есірткі тасымалдаушыны Қазақстанға берді
ІІМ синтетикалық есірткі сататындармен неге күресе алмай отыр?
Қазақстан шекарасында денесіне есірткі жасырған ресейлік ұсталды
Қазақстанда есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды - видео
Жамбыл облысында есірткі сатушылар тобын жас әйел басқарған
ІІМ-нің арнайы операциясы: Астана мен Шымкентте есірткі сатушылар ұсталды
Кілт сөздер:
ұстау, күдікті, видео, есірткі, полиция, Алматы
Загрузка...

Басты тақырыптар