Өңірлер

Өскемен тұрғынын пәтерге алдап апарып, зорлаған ер адам ұсталды

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуҚызметтік ит, архивтегі фото
Қызметтік ит, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери бөлімнің қызметкерлері әйел зорлаған күдіктіні ит қосып қуды

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Өскеменде әйел зорлады деген күдікке ілінген ер адам қызметтік иттің көмегімен ұсталды.

Әйел, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әйелді ерекше әдіспен зорлаған қаскүнем қор болып өлді

Кеше қала тұрғыны өзін белгісіз еркек пәтерге алдап апарып, ұрып-соққанын, зорлық қылғанын айтып, патрульдік топтың жетекшісі Дулат Трумовқа шағымданған. Оқиға Космическая көшесіндегі үйлердің бірінде болыпты, деп хабарлады Алтайньюс.

Топ жетекшісі оқиға туралы дереу орталық бөлімшеге хабар беріп, күдіктіні іздеуге кіріседі. 

"Космическая көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында шағымданушы сипаттаған адамға келетін 50 жастағы еркек тоқтатылды. Тексеру барысында ол  5518 әскери бөлімінің патрульдік тобына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Оқиғаны тәптіштеп айтып беруін өтінгенде аула арасымен жалтара қашыпты. Сол сәтте күдіктіні кинолог Мәди Таиевтің қарамағындағы ит ұзатпай ұстап алған", – деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.

© Photo : "Шығыс" ӨҚ баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді бергенКүдіктіні ұстаған әскери бөлімнің қызметкерлері
Күдіктіні ұстаған әскери бөлімнің қызметкерлері  - Sputnik Қазақстан
Күдіктіні ұстаған әскери бөлімнің қызметкерлері

Шағымданушы күдіктіні бірден таниды.

Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтар
0