16:46 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
236 0 0

Солтүстік Қазақстанда синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес басталды

ПЕТРОПАВЛ, 9 желтоқсан — Sputnik. Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткі тасымалдаушыны ұстады. Отыздан астам бума тәркіленді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, есірткі тасымалдаушыны қала тұрғындарының арқасында ұстапты. 

"Тінткен кезде төрт бума тәркіленді, сөмкесінен тағы 34 бума табылған. Кейін ол бұл есірткіні қайда салғын көрсетті", — дейді СҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жандос Басыбаев.

Бумаларды көрсеткен жас жігіт жауапкершілік туралы ойына да алмаған. Ол түсіндіргендей, пакеттердің ішінде не болғанын білмепті, интернет арқылы тапсырыс бойынша жұмыс істеп жүріпті. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Ал 22 жастағы қызға екі жүз мың теңгедей төлеуге тура келеді. Ол Петропавлда ғимарат қабырғасына граффити салып жатқанда ұсталған. Ол жүздей есірткі сайтын салып үлгеріпті. Бойжеткен де инетернет арқылы тапсырыс бойынша жұмыс істегенін айтады.

Тақырып бойынша

Алматыда нашақор 1000 дозадан астам есірткімен ұсталды – видео
Астана әуежайында жолаушы есірткімен ұсталды
Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
Мақсат Үсенов есірткімен ұсталғаны үшін сотталды
Кілт сөздер:
тасымалдау, сату, есірткі, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып