Өңірлер

Түркістаннан Ташкентке автобус қатынай бастады

© Photo : Тұркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіТүркістан-Ташкент автобусы
Түркістан-Ташкент автобусы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан қаласынан Ташкент қаласына алғаш рет халықаралық бағыттағы автобус қатынай бастады

Шымкент, 11-желтоқсан – Sputnik. "Ташкент-Түркістан" бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласынан жүре бастады, деп хабарлайды өңірдегі тілшісі. 

Автобус - Sputnik Қазақстан
Әлем
Автобус ішіндегі төбелес 13 адамның өліміне алып келді - видео
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш рет "Түркістан-Ташкент" бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласының "Алтын Орда" автобекетінен жүре бастаған. Бұл автобус жолаушыларды Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының "Ташкент" автовокзалына дейін жеткізеді. 

"Халықаралық автобус бағытын ашудағы мақсат – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік қатынастарды нығайту. Автобус бағытын қазақстандық "Бақдәулет Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өзбекстандық "Узавтотранс" мекемесі жүргізеді", — делінген хабарламада. 

Автобус бағытының жалпы қашықтығы  — 335 шақырым, жолға кететін уақыт – 6 сағат 40  минут. Екі бағытта күнделікті 2 автобус қатынайды. Жол ақысы Түркістаннан 2 мың теңге болса, Ташкенттен 50 мың сом мөлшерінде. 

Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 15-і күні Шымкентте алғаш рет екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда туризм саласын дамытуға аса мән берілген.

Жаңалықтар
0